Кеше түнде Теміртау қаласында белгісіз біреу бүкіл полицияны аяғынан тік тұрғызды. Қарағанды облысының полицейлерімен Теміртау қаласының мектептерінде жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған белгісіз азамат іздестірілуде.
Бұған дейін, полицияға Теміртау қаласының мектептерінің бірінде жарылғыш зат орнатылды деген ақпарат түсті. Оқиға орынына жедел қызметтер жұмылдырылды. Полиция қызметкерлерімен ғимарат тексерілді. Ешқандай жарылғыш зат анықталмады.
“Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктіні анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде”,- деп хабарлады Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.