Қымбат тұратын кабельдердің ұрлануы салдарынан бірнеше мың абонент телефон байланысынан ажырап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақтелеком" АҚ өкілі Теміртау қаласының әкімдігіне телефон кабельдерінің жаппай ұрлануы туралы хабар берген.
"Теміртауда телефон кабельдерін ұрлау проблемасы ушығып тұр. Тек 29 мамыр күні қаланың шығыс бөлігіндегі шамамен 2 мың абонент байланыстан ажырап қалды", - деді "Қазақтелеком" АҚ өкілі Сапар Есжанов.
Өкінішке қарай қымбат кабельдерді қолды еткендерді құрықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов металл қабылдайтын орындарды тексеруге шешім шығарды.
"Мәселе өте күрделі. Металл қабылдайтын орындарға рейд жүргізіп, байланыс жүйесіне зиян тигізген қылмыс бетін ашу қажет", - деді әкім.