Polisia.kz мәліметінше, түнгілік уақытта белгісіз біреулер дәмхананың есігін бұзып, ішінен бірқатар ішімдікті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 193 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен “ізін суытпай” 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу