Теміртауда екі жасар өгей ұлын айуандықпен өлтірген ер адамның соты өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Соттың мәліметінше, айыпталушы баланы 2023 жылғы 21 наурыз күні мас күйде айуандықпен өлтірген.
Баланың жүрек тұсындағы пышақ жарақаттарынан бөлек, қолы да сынған. Баланың анасы күйеуі ұсталған кезде қолы кесілгенін байқаған, ол тамырын кеспек болған. Әйелдің сөзінше, күйеуі тергеу эксперименті кезінде түрмеге түспей, емделуге ауруханаға бару үшін өзін аурушаң етіп көрсетпек болған.
Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу