Теміртауда Нұра өзеніне 36 жастағы ер адам батып кетті. Сүңгуірлер оның денесін бірнеше сағаттан соң судан алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жазатайым оқиға 6 шілдеде сағат 12:50-де Теміртау қаласында болған. "Алма" саяжай қоғамының аумағында, Нұра өзенінің ескі арнасында, шомылуға жабдықталмаған жерде 1987 жылы туған ер адам суға батып кетті. Ол достарымен демалыста болған.
"Іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында сағат 18:55-те құтқарушылар суға батқан адамның денесін өзеннен алып шықты",-деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқыс оқиғалар мен ТЖ кез келген фактілері туралы 112 немесе 8 (7212)
433636, 433737 телефондарына қоңырау шалыңыздар.