Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында Ғарышкерлер күні мен Валентина Терешкованың ғарышқа ұшқанына 55 жыл толуына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Қарағанды облысының баспасөз қызметі.
Экспозиция бірнеше бөлімдерден құралады. Көрмеде ғарышкер әйелдер туралы деректік материалдар мен фотосуреттер келтірілген.
"57 жыл ішінде ғарышта әлемнің 60-тан астам әйелі болып қайтты. Олар және ғарыш туралы біздің көрме баяндайды", - дейді куратор Светлана Трещёва.
Мұражай залдарында сонымен қатар ғарыштық нысандардың макеті де келтірілген – "Мир" станциясы, ғарыштық ракетаның бөлігі мен сынақшы ұшқыштың шлемі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу