Теміртауда қалалық қоғамдық көлік газбен жүру жүйесіне ауыстырып жатыр

1365

Автопарктің бестен бір бөлігі қайта жабдықталған. Биылғы жылы жолаушы тасымалдаушылар 23 жаңа автобус сатып алды. 

Теміртауда қалалық қоғамдық көлік газбен жүру жүйесіне ауыстырып жатыр

Теміртауда 2030 жылға дейін шамаланған дендрологиялық жоспар құрылды. Оны осы жылдан бастап іске асыра бастайды. Құжатта қаланы қалай көгалдандыру керектігі егжей-тегжейлі жазылған, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

"Жоба бойынша 41 898 дана жасыл желектер отырғызу жоспарланған: 7 398 ағаштар мен 34 500 тал-шіліктер. Алдын ала есептеулер бойынша бұл мақсаттарға 1,7 млрд теңге қажет болады. Ағаштарды отырғызу орындары анықталып, егетін материалдар бойынша нұсқаулықтар беріліп, көгалдандырылатын аудан белгіленді", – дейді Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов Облыстық қоршаған ортаны қорғау кеңесінің отырысында. 

Қылқанжапырақты ағаштардың түрлерінен дендрологиялық жоспар құрушылар қарағай, сағызқарағай және аласа майқарағайды ұсынған. Ал жапырақты ағаштардан: шаған, қайың, үйеңкі мен шегіршін, бұталардан – арша, мамыргүл, қаржеміс, спирея, бөріжидек және жасаман егу ұсынылып отыр. 
Қала әкімінің айтуынша, 2019-шы жылы бюджеттік қаражат есебінен саябақтар мен гүлзарларда мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда. Тағы 500 ағашты "АрселорМиттал Темрітау" компаниясы өз қаржысына отырғызуға уәде берді. 

Теміртау әкімі қоршаған ортаны ластауды төмендету мақсатында қалалық қоғамдық көлікті газбен жүру жүйесіне ауыстырып жатқанын хабарлады. Автопарктің бестен бір бөлігі қайта жабдықталған. Биылғы жылы жолаушы тасымалдаушылар 23 жаңа автобус сатып алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу