Теміртауда ер адам баланы өлтіріп кеткен

947

Қылмыс жасаған тұрғынды полиция іздеп жатыр. 

Теміртауда ер адам баланы өлтіріп кеткен Фото: SN.kz

Полиция Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады. 
Баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.
Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды.

“Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Өзге ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды”,- деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция Департаментінің  Баспасөз қызметі.

Полиция қызметі кісі қолынан қаза тапқан баланың нешеде екенін айтпады. Дегенмен Теміртау тұрғынының айтуынша бала екі жаста көрінеді. Қазіргі уақытта күдіктіге іздестіру жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу