Теміртауда қараусыз қалған мәдениет үйінің ғимараты қайта жөнделеді

533

Тарихи нысан 30 жылға жуық уақыт бойы тозығы жеткен күйде тұр. 

Теміртауда қараусыз қалған мәдениет үйінің ғимараты қайта жөнделеді Фото: inkaraganda.kz

Теміртау қаласында қараусыз қалған мәдениет үйінің ғимараты қайта жөнделеді, деп жазады inbusiness.kz inkaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

1961 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуді қажет еткен. 1996 жылдан бері нысан бос тұр. Бұрынғы меншік иесінде қаржыландыру мүмкіндігі болмаған.

Қалалық әкімдікте мәдениет сарайына қатысты мәселенің көтерілгеніне біраз болды. Меншік иесінің несие берушілер алдында үлкен қарызы болғандықтан, заңды тұрғыдан ғимаратты қайта жөндеу қиындық туғызды.

Шаһар басшысы Ораз Тәуірбековтің сөзінше, 2021 жылы Теміртау қаласының әкімдігі мен  "BASSEL GROUP LLS" ЖШС ғимаратының меншік иесі арасында мәдениет үйінің ғимаратын  коммуналдық меншікке өтеусіз беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпаратқа сәйкес, тарихи ғимаратты қалпына келтіруге қанша қаражат бөлінетіні әзірге белгісіз.

"Биыл біз ақша бөлу мәселесі бойынша қалалық мәслихат сессиясына жүгінеміз. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлейміз, одан кейін бұл жоба мемлекеттік сараптамадан өтеді. Осыдан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісеміз", - деді қала әкімінің орынбасары Владислав Цай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу