Теміртауда көлік кешеніндегі заттарды ұрлаған 36 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы Теміртау қаласының полиция бөліміне 29 жастағы шаһар тұрғыны арызданды. Ол белгісіз адамның көлік кешенінің аумағындағы қосалқы бөлшектерді – жеңіл көліктің бес есігін ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Келтірілген шығын сомасы 100 мың теңгені құрады.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы күдіктіні ұстады. Ол автокөлік кешеніне көлігін жөндеу шарттары туралы келіссөз жүргізуге келген көрінеді. Күдікті қараусыз қалған көлік есіктерін көріп, оларды өз көлігіне тиеп, қашып кеткен.