Теміртауда көп қабатты үйде газ жарылды

1069

Газ жарылған төтенше оқиғадан 4 адам зардап шекті.

Теміртауда көп қабатты үйде газ жарылды

Теміртауда 16 тамызда күндіз 12-лер шамасында Металлургов даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан бөлме аралық қалқалар мен 3-ші және 2-қабаттардың кейбір бөліктері құлап кеткен. 3 пәтер толық бүлінген. Газ жарылған үйден 53 адам қауіпсіз жерге шығарылған, оның ішінде жеті бала бар. Төтенше оқиғадан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта газ жарылған үйде Қарағанды облысы ТЖ департаментінің 22 қызметкері мен 7 техникасы жұмыс істеуде.

Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин, Теміртау қаласының әкімі және барлық шұғыл қызметтері бар. Төтенше оқиғаға қатысты жедел штаб құрылды.

Айта кету керек , бұл тұрғын үйге газ орталық жүйе арқылы беріледі. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп салдары анықталуда.

Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов тұрғындармен кездесіп, әкімдік пәтерлерді қалпына келтіруге және уақытша орналастыруға көмектесетінін жеткізді. 

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу