Теміртау қаласының Металлургтер даңғылында 25 тамызда сағат 14.35 шамасында 9 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде газ жарылған. Жарақат алғандар жоқ, тек екінші қабаттағы пәтердің терезелері сынған.
Теміртау қаласы бойынша ТЖБ қызметкерлері газ қызметімен және тұрғын үй иелерімен бірлесіп пәтерлерді тексеріп шыққан. Осыдан кейін тұрғындар өз пәтерлеріне оралған.Төтенше жағдайлар саласы мамандарының мәліметінше газды ауа қоспасының жарылысы болған. Бұл үйге көгілдір отын орталықтанған газ жүйесімен беріледі. Газ ас үйде таралып кеткен, кейін сіріңке жағылған соң жарылыс орын алыпты.
Еске сала кетсек, Теміртау қаласындағы Металлургтер даңғылында осы айда тұрғын үйде газдың жарылуы екінші рет болып отыр. 16 тамызда бес қабатты тұрғын үйде газ жарылып 4 адам жарақат алған еді. Бұл үйде үш пәтер бүлініп қалған.
Арайлым Еркебаева