Теміртауда мас жүргізуші полицейді көлікпен 200 метрге сүйреп әкетті

600

Теміртау қаласында мас жүргізуші полицейді 200 метрге сүйреп әкетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Теміртауда мас жүргізуші полицейді көлікпен 200 метрге сүйреп әкетті Фото: polisia.kz

11 ақпанда түнгі сағат 00.35 шамасында Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бейбітшілік даңғылының бойында 31 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Полиция қызметкерлерінің көліктің құжаттарын беру талабына жүргізуші құжаттардың жоқтығын айтқан.

Әңгіме барысында тәртіп сақшылары одан ішімдіктің иісін сезіп, көліктен түсуін талап еткен. Сол мезетте жүргізуші көліктің есігін жаппай, оқиға орынынан қашпақшы болған. Тәртіп сақшысы көлік салонына мініп үлгерген, бірақ аяғы сыртта қалып қойған. Жүргізуші оны 200 метрге сүйреп әкетіп, тоқтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу