Теміртауда оқушылардың жекелеген санаттары қоғамдық көлікпен тегін жүруі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.
"Теміртау қаласы білім беру ұйымдары оқушыларының мынадай санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тариф құнынан 100% жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын:
- 15 жасқа дейінгі және 15 жастан асқан қалада тұратын жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының, интернаттардың оқушылары;
- техникалық және кәсіптік білім беру оқушыларына – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен шамасынан төмен балаларға көрсетіледі, қалада тұратын жасына қарай күндізгі оқу нысанындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға 15 жастан асқан", - делінген құжатта.
Жеңілдік каникул және демалыс күндерінде қолданылмайды.
Құжатты жария талқылау мерзімі 18 шілдеге дейін жалғаспақ.