Теміртауда 13 желтоқсанда 112 шұғыл байланыс желісіне Нұра өзені арқылы өтетін көпір аумағында мұз жарылып, баланың суға түсіп кеткені туралы ақпарат келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.
Жедел құтқару жасағының күшімен 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу