Теміртауда Самарқанд су қоймасында "Ford Fusion" көлігі мұз астына құлап кетті. Жүргізуші өз бетімен шыққан, зардап шеккендер жоқ. ТЖ мамандары аталған учаскеде көліктердің өтуіне шектеу шараларын ұйымдастырды, деп жазады inbusiness.kz облыстық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, өткен 7-8 наурызда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 26 рет құтқару жұмыстарына шыққан.
“Оның ішінде өртке және жану жағдайларына 10 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына 16 рет. Барлығы 6 адам құтқарылды, оның үшеуі бала”, - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу