Теміртауда терезеден үш жасар бала құлады

378

Оқиға кеше, 4 сәуірде орын алды. 

Теміртауда терезеден үш жасар бала құлады Фото: levoncovka.ru

Бірінші қабаттың терезесінен бала құлап түскен. Анықталғандай сол кезде бала ересектердің қарауынсыз, жалғыз қалған. Қазіргі уақытта  ауруханаға жатқызылып, жағдайы орташа деп бағаланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Биылғы жылы балалардың терезеден құлауының алғашқы оқиғасы Теміртауда орын алған болатын.

"2024 жылы 4 сәуірде Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 9 қабатты тұрғын үйде бірінші қабаттағы пәтердің терезесінен 2021 жылы туған бала құлады. Ауруханаға жатқызылды, қазір жағдайы орташа", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу