Теміртауда тоғыз қабатты үйден өрт шықты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін 15 қыркүйек күні таңертең болған. Өрт туралы хабарлама сағат 09.48-те түскен.
Тілсіз жау пәтерден әрі қарай таралмаса да, түтін бүкіл кіреберісті басқан. Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялау үшін арнайы қалпақтарды пайдаланды.
"Тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Жалпы ауданы 20 шаршы метр аумақта үй заттары, жиһаз, тұрмыстық техника, терезе және есік блоктары жанып жатты. Қаза тарқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Бүгінгі таңда өрттің шығу себептеру анықталып жатыр.