9 сәуір күні кешкі сағат 18.58 шамасында Теміртау қалалық полиция басқармасына қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде үйдің дәлізінде түтін және кенеттен дауыс шыққаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орынына келген патрульдік полиция жасағы жіберілді. Белгілі болғандай, сол үйде тұратын азамат ішімдік ішкен күйде пәтерінің есігін жауып алып, үйдегі газ балонын жарамын деп қорқытқан.
“Полиция қызметкерлері және Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көп қабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, оқиға орынын қоршауға алды. Сағат 20.20 шамасында 35 жастағы азамат ұсталды.
Аталған факт полицияда тіркелді ”,- деп хабарлады Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Теміртаулықтың не үшін мұндай әрекетке барғаны анықталуда.