Теміртауда ұйымдасқан жас қылмыскерлер тобы ұсталды

329

Күдіктілерден қару-жарақ, есірткі тәркіленді.

Теміртауда ұйымдасқан жас қылмыскерлер тобы ұсталды Фото: Polisia.kz

22 қазан күні Қарағанды облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Теміртау қаласында облыстың жедел ахуалына кері әсерін тигізіп, құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобының іс-әрекетіне нүкте қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген кешенді жедел жұмыстар барысында фигуранттардың қылмысқа қатысы бар екені дәлелденіп, олардың қоғамдық орындарда жасаған қылмысы бойынша дәлелдемелер жинақталды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады.

Қылмыстық топты ұстау барысында 21 тінту жұмысы жүргізіліп, соның нәтижесінде шолақ ұңғылы атыс қаруы, травматикалық тапанша, оқ-дәрілер, есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Полиция бөліміне 21 адам жеткізіліп, оның негізгі деген 8 күдіктісіне қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

"Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бопсалау, бұзақылық және атыс қаруын сақтау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу