Полиция "Салғырттық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құрылыс алаңында ашық жатқан, еш оқшауланбаған кабель тартылған. Маңайда ойнап жүрген балалар қақпадан өтіп, түсіп кеткен добын алмақ болады. Сол кезде бір баланы, артынша оған көмектеспек болған тағы екі баланы тоқ ұрады.
Қазір олар ауруханаға түсті, жеткіншектер дәрігерлердің бақылауында.
"Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу