Теміртаудағы дәмханадан зейнеткердің ақшасы мен банк картасын ұрлап кеткен күдікті анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 72 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер 30 мың теңге ақшасын және банк картасын ұрлап әкетіп, картадан 23 мың теңге ақша шешіп алған.
Белгілі болғандай, оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Күдікті дәмханадағы жағдайды пайдаланып, киім ілетін бөлмеден жәбірленушінің киімінің қалтасында тұрған банк картасы мен ақшасын алып кеткен.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.