Теміртауда жалған ақпарат таратқан оқушы сотталды

304

Жасөспірімді бір жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды. 

Теміртауда жалған ақпарат таратқан оқушы сотталды Фото: freepik

Теміртауда мектепте жарылғыш зат барын айтып, жалған ақпарат таратқан оқушы сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Былтыр 6 желтоқсанда Теміртау қаласының төтенше жағдайлар бөліміне белгісіз біреу телефон соғып, қала мектептерінің біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Бұл жалпы білім беру мекемесінен оқушылар мен мұғалімдер шұғыл эвакуацияланды.

Тексеру кезінде полицейлер жарылғыш зат таппаған. Қалалық экстремизмге қарсы күрес тобының қызметкерлері жалған ақпарат таратқан адамды ұстады - ол сол мектептің 15 жастағы оқушысы болып шықты. 

Оқушы сыныптасының ұялы телефонын пайдаланып, дабыл қаққан. Жасөспірімнің айтуынша, ол жай ғана "әзілдеген". Алдағы террористік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу аяқталғаннан кейін барлық материал сотқа қарауға жіберіледі. Мемлекеттік айыптаушының ұсынысы бойынша сотталушының жасы мен өкінуін ескере отырып, мәміле түріндегі процестік келісім жасалды.

Баланы бір жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды. Сотталғанға сағат 22.00-ден таңғы сағат 6-ға дейін тұрақты тұрғылықты жерінен шықпау және пробация қызметін ескертпестен тұрғылықты жерін, жұмысын немесе оқуын өзгертпеу міндеті жүктеледі. Сондай-ақ, оған ойын-сауық орындарына, түнгі клубтарға, барларға, кафелерге, мейрамханаларға, ойын мекемелеріне және алкогольдік өнімдер сататын мамандандырылған дүкендерге баруға тыйым салынады.

Сондай-ақ, ол қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдармен қарым-қатынаста болмауы керек. Осы шектеулерді бұзған немесе жаңа заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда шартты жаза нақты жазамен ауыстырылуы мүмкін. Үкім заңды күшіне енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу