Теміртауда жаңа электр желілері пайда болады

353

Жарықтың жоқтығынан дүкен иелері шығынға батып отыр.

Теміртауда жаңа электр желілері пайда болады Фото: Inbusiness.kz

Теміртау қаласындағы бірнеше шағын ауданының тұрғындары жарықтың жиі сөнетініне шағымдануда. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, елуінші жылдардан бері жөндеу көрмеген электр желілері 70 пайызға ескірген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. 

Ал, бұқараның сөзінше, жарық сөнген бойда жұрт ауызсусыз қалады екен. Себебі, тіршілік нәрі сорғы станциясы арқылы беріледі. Аталған мәселе кәсіпкерлерді де тығырыққа тіреп отыр. Жарықтың жоқтығынан дүкен иелері шығынға батып отырмыз дейді. 

Жергілікті билік өкілдері болса, электр желілерінің ескіргенін растап отыр. Қазіргі таңда мәселені ретке келтіру үшін, Жобалық смателық құжаттама дайындалып жатыр. Оған бюжеттен қаражат та бөлінген. Шенділер жөндеу жұмыстары келесі жылы басталады деп сендіруде.

"Бұл жағдайларды болдырмас үшін, жобалық сметалық құжаттамалар дайындалып жатыр. Ол құжаттама бойынша КарГРЭС-1 станциясынан ескі қала мен оң жағалау тұтынушыларына баратын электр желілері жаңадан салынатын болады. Бұл жоба келесі жылдың маусым айында алынып, келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады", - дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу