Теміртауда жаппай төбелес болды

1012

Полиция төбелеске кімдер атысқанын анықтап жатыр.

Теміртауда жаппай төбелес болды

Теміртауда футзал турнирі кезінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, спорттық іс-шараны өткізу алдында ұйымдастырушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияны ескертуі тиіс. Алайда Теміртауда футзал турнирін ұйымдастырушылар полиция бөлімін ескертпеген. Тіпті төбелестен соң да тәртіп сақшыларына хабар түспеген.

"Бұл дерек әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықталды. Бүгінде полиция қызметкерлері төбелеске кімдер қатысқанын анықтап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп жазылған хабарламада.

Биыл 21 наурызда "Наурыз Мейрамы 2022" футзалды турнирі кезінде Теміртауда жаппай төбелес болды. Матч Теміртаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінда болған. Жаппай төбелеске "Имсталькон" және "Ақ Жол" командалары және олардың жанкүйерлері қатысқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу