Сенбі, 29 шілде күні Теміртау қаласының балаларға арналған "Факел" сауықтыру лагері аумағында қалалық, аудандық жас құтқарушылар жарыстарының жеңімпаздары мен айрықша дайындалған оқушылар құрамалары қатысатын "Жас құтқарушы" облыстық бәсекесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыстың мақсаты - балаларды оқыс жағдайларда әрекеттерге дайындау, отансүйгіштік тәрбиені белсендіру мен азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар салаларындағы білімді насихаттау, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты. Бұл бәсеке таныстыру сайысы, бірінші медициналық көмек көрсету сайысы және қабырға газеті сайысынан тұрады.
Сондай-ақ жарыс барысында келушілер назарына авариялық-құтқару техникасы мен ҚР ІІМ ТЖК жарақтары көрмесі ұсынылады. Ұқсас іс-шаралар оқушыларға өзінің күшін, білімі мен ептілігін шынайы бағалауға мүмкіншілік береді.