Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

283

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 7 қазан күні Республика даңғылында болған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері қаза тапқандардың 20 жастағы ұлын күдікті ретінде қолға түсірді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінде.

Құқық қорғау органының мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қосымша мәлімет осыған байланысты жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу