Жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын жерден жолды қиып өткен жолаушыны 20 жастағы жігіт басқарып келе жатқан "Hyundai Creta" көлігі қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу