Теміртауда жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр

374

Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді. 

Теміртауда жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр Фото: primeminister.kz

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ 2-ЖЭО-сында жылу беру маусымына дайындық және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады. 

Үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 

Жетінші қазандықты салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде: нысанда жұмысшылар жетпей жатыр, негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда.

Мердігер ұйым басшылығының ("AB Construction" ЖШС) есебін тыңдаған Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады.

Теміртауда Роман Склярға жылу желілерін жөндеу бағдарламасы ұсынылды. 

  • Қалада жылу желілерінің барлық тозған учаскесі бойынша реконструкциялау жүріп жатыр. 
  • Жұмыстар жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталуға тиіс.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары облыстың басқа да бірқатар энергия көзін аралады. Ол Топар, Шахтинск және Қарағандыға барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу