Видео авторларының айтуынша, бұл жайт Теміртауда болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Теміртауда құбыр жарылып, көшедегі ыстық суға балалар мен әйелдер күйіп қала жаздауда", делінген хабарламада.
Көп ұзамай қала әкімдігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, 10 қыркүйекте "Оқжетпес-Т" ЖШС қаланың жылу желілеріне температуралық сынақтар жүргізгенін (Қарағанды облысында жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес) жеткізді.
"Бұған дейін компания тұтынушыларды әлеуметтік желілер, БАҚ, аудандардың ОКМС арқылы хабардар еткен болатын. №1 ЖМ ескі учаскесінде (жөндеумен қамтылмаған) ауа компенсаторында, Ду 600 мм (Байсейітова/Құрылысшылар) апат орын алды. Қазіргі уақытта "Оқжетпес-Т" ЖШС күштерімен апатты жағдайды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы оқиға барысында зардап шеккендер жоқ, жол учаскесі жабылды", делінген әкімдік хабарламасында.