Қала тұрғыны Елена Бережная осы сәтте қоқыс шығаруға шығып, жарылысқа куә болған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Қоқыс лақтырып жатқанымда, тіпті бұрылуға да уақыт болмады. Мен артқа тұрдым, бұрылдым, бәрі ұшып кетті. Қорқынышты ма? Иә. Бір құлағым естімей қалды. Денем ауырып, тіпті еңкейе алмаймын" - деді тұрғын үй тұрғыны Елена Бережанская.
Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы - 300 шаршы метр. Оның шамамен 150 шаршы метрі қазір үйінді болып жатыр. Таңертең қирандылар астынан екі азамат табылды. Оның бірі - дүкен сатушысы, оқиға орында тіл тартпай кеткен. Екіншісі сатып алушы қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
"Жараланған азамат әртүрлі дене жарақаттары және күйікпен ауруханаға түсті. Осында әкелген соң толықтай диагностикалық тексеру жүргіздік. Барлық ем-дом шаралары жүрігізіліп жатыр" - деп жауап берді Ульяна Базарова Теміртау көпсалалы ауруханасының медициналық бөлім бойынша директорының орынбасары.
"Бұл жағдай өзінің табиғаты бойынша және сол қиратулар мен құрбандар үшін төтенше болып саналады. Сатушының денесі шығарылды, ол - 4 баланың анасы. Біз қазір осы отбасына қажет барлық көмекті көрсетеміз. Оның өзі 1 топтағы мүгедек. Күйеуі "Қарметте" жұмыс істейді" - деді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.