Осы жолы жанар-жағармай материалдары өртенді. Салдарынан екі адам зардап шекті. Мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. "АрселорМитталТеміртауға" тиесілі екінші жылу орталығында осы сынды жағдайлар жиі қайталанады. Бұдан бөлек, жылудың жыры тағы бар. Өткен айда компанияның үш қазандығы істен шығып, тұрғындар жылтқыштарымен амалдаған еді. Онсызда қондырғылары ескірген. Болар-болмас жылу шашатын. Сондықтан жергілікті билік оны жөндегеннен пайда жоқ деп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу