Теміртаудың маңында көшпенділер қыстағы пайда болады

3545

Келушілер өз қолдарымен ежелгі технологиялар бойынша жүн тазалап, тоқыма тоқып, шитті және саман кірпіштерін құя алады.

Теміртаудың маңында көшпенділер қыстағы пайда болады

Теміртаудың маңында қазақ көшпенділерінің қыстағы пайда болады. Келушілер өз қолдарымен ежелгі технологиялар бойынша жүн тазалап, тоқыма тоқып, шитті және саман кірпіштерін құя алады, деп хабарлайды өңірдің баспасөз қызметі.
Аталмыш жаңғыру 29 қыркүйекте өтетін "Жауыртаудағы кездесу" форум-фестивалінің интерактивті алаңдарының бірі болады.
Теміртаудың тарихи-өлкетану мұражайының мамандары 19-ғасырдың соңында қыстақ болған жерде сәйкесінше ішкі жабдықтары бар шымды топырақ төбесі бар үй, малға арналған қаша орнатуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар тоқыма тоқитын станок пен жүн тазартуға арналған, ас әзірлейтін аумақ: от үстіндегі қазан және отпен қайнатылатын самаурын қоятын тұрмыстық орын қарастырылады.
Келушілер саман және шитті кірпіш құйып, жүн тазалап, тоқыма тоқи алады. Қыстақтың тұрмыстық аумағы мұрағаттық суреттер мен дерек көздеріне негізделіп құрылған. Сонымен қатар жаңғыртуға Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының қорынан алынған қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін көрсететін бірегей жәдігерлер де енгізіледі.
Жаңғырту қазіргі Теміртаудың аумақтарындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы тарихын зерттеу бойынша мұражайдың көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады.
Тарихшылардың мәлімдеуінше, Жаңғыз төбе және Жұмақ дөңдерінің маңындағы жерлер (қазір ол самарқанд су қоймасындағы арал мен жартылай арал) Арғын руынани шыққан Тотығұлдың Оразбек, Ниязбек және Тұрлыбектің қыстаулары болған. Ақсақалдардың айтуынша, ауылдар бұл жерде кем дегенде 1820-шы жалдардан бері қыстаған.
"Жауыртаудағы кездесу" фестиваліне Теміртау, Абай, Саран, Қарағанды және Шахтинск қалаларынан жиналатын 100-ден астам белсенділер қатысады. Олар үшін семинарлар мен тренингтер, интерактивті ойындар мен викториналар ұйымдастырылады.
Мереке Қала күнін тойлауға орайластырылады. Теміртауға 73 жыл толады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу