Теміртаулық металлургтер болат өндіру көлемін 8,2%-ға ұлғайтты

1271

Теміртаулық металлургтер болат өндіру көлемін 8,2%-ға ұлғайтты

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жыл басынан бері 1,3 млн. тонна болат өндірді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,2%-ға көбірек, деп жазады karaganda-region.gov.kz.
Комбинаттағы домна пештері төрт айда 1,2 млн. тонна шойын шығарған, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда 8,4 %-ға көп. 2007-ші жылмен салыстырғанда болат және шойын өндірісі 1,8 және 2%-ға сәйкесінше өскен. 
Компанияда металлургтер алға қойған жоспарды асыра орындап жатқанын атап өтті. 
"Біз негізгі қорды жаңғыртудың, комбинаттағы цех құрылғыларын жаңартудың, өндірістік агрегаттар жұмысын тұрақтандырудың арқасында осындай рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп отырмыз. Біздің ары қарайғы алға қойып отырған мақсатымыз – өндіріс және жөнелтім көлемін ұлғайту, өнімдердің сапасын жоғарылату мен технологияларды жақсарту, бос тұру және жоғалту деңгейін төмендету болады. Жәнеде ең бастысы – алға қойған мақсаттарды орындай алатын кәсіби жұмыс ұжымымыз бар", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу