Атап айтқанда, ведомство енді теміржол апаттарын тергеп-тексереді. Бұған дейін министрлік тек мән-жайды анықтау жұмыстарына қатысушы болатын.
Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаулыда жазылғандай, енді ведомствоға мына функциялар беріледі:
- орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылына 200 мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау тәртібін бекіту;
- автомобильдердің салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- ҚР аумағында жолаушылар пойызына жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген теміржол көлігіндегі оқиғаларды, теміржол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеп-тексеру;
- теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- монополияға қарсы органмен келісу арқылы инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
- пилотсыз авиациялық жүйелер операторларының білімі мен дағдыларын дайындау және бағалау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Қаулы жобасы 26 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.