Теміржол апатын уақытында хабарламағандарға миллион теңге айыппұл салынады

858

Теміржол апатын уақытында хабарламағандарға миллион теңге айыппұл салынады

2017 жылдың 10 айында теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті сақтауда жіберілген қателіктер туралы уақытында хабарламаған 21 қатысушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды 24.kz.

Төленетін айыппұл миллион теңгеге жуық соманы құрайды. Барлығы 6 апатты оқиға жасырылғаны анықталды.

Теміржол көлігіндегі өзгертілген қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тасымалдаушылар мен қосалқы қызметтер магистральді, станциялық және кірме жолдардағы жол қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы туралы ақпаратты уәкілетті орган мен оның аймақтық бөлімшелеріне беруге міндетті.  Хабарлама төтенше жағдай болғаннан кейін бір сағатқа жетпей жіберілуге тиіс. Болған апатты оқиға жайында толық ақпарат бір тәулік ішінде жіберілуі керек.

Тасымалдау қызметін қолданушылар, тасымалдаушылар, инфрақұрылым ұлттық операторы, локомотивті жүргізу операторы және вагон операторлары тасымалдау үрдісінің қатысушылары болып есептеледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу