Теміржол билетін "Қазпошта" арқылы сату тиімділігін көрсетті

1631

"Қазпошта" арқылы теміржол билетін сату 2015 жылы енгізілген болатын. 

Теміржол билетін "Қазпошта" арқылы сату тиімділігін көрсетті

Теміржол билеттерінің пошта бөлімшелері арқылы сатылымы 80 есе артты, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығы.  

"Қазпошта" арқылы теміржол билетін сату 2015 жылы енгізілген болатын. Осы уақытқа дейін сатылған билеттер санына қарап, еліміздің шалғай ауылдарында тұратын тұрғындар үшін бұл қолайлы болғандығын көруге болады.

Былтырғы қорытындыға сүйенсек, пошта бөлімшелері арқылы сатылған билеттердің саны 3 жыл ішінде билет сату 80-есе өскен. 

Бүгінгі күні жол билеттерін "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға қарасты  233 кассада, жеке меншік 4500 кассада және де интернеттегі билет сататын ресми сайт  EPAY.RAILWAYS.KZ  және де басқа да ғаламтордағы сату көздері арқылы алуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу