Теміржол билетінің бағасы көтеріледі

1218

Теміржол билетінің бағасы көтеріледі

ҚР инвестициялар және даму министрлігі алдағы жылы бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерінің бағасын жоспарлы түрде көтеру туралы хабарлады. Бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығынының артуымен байланысты және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр. Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен асып кетпейді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі, деп күтілуде. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.

Бұл бірнеше тасымалдаушының конкурсқа берген өтінімдеріне байланысты жасалып отыр. Ал, тасымалдаушы осы бағыттар бойынша кірістің азайып қалу тәуекелдеріне жауапты болады.

Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты.

Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал, автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды.

Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% -ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады.

Осылайша, алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу