"Теміржол" кеден бекетінде импортқа рұқсат құжаттары жоқ 10 949 келі тауар тоқтатылды.

1492

Оның жалпы сомасы 596 685 доллар.

"Теміржол" кеден бекетінде импортқа рұқсат құжаттары жоқ 10 949 келі тауар тоқтатылды.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Теміржол" кеден бекетінде құжаттағы санына және салмағына сәйкес келмейтін жүк тоқтатылды, деп жазды inbusiness.kz

“2022 жылғы 18 қаңтарда кедендік тексеру актісі негізінде "Теміржол" кеден бекетінің қызметкерлері тауарға ілеспе құжаттағы саны мен салмағы жүктің нақты мәлімделген санына және тауардың салмағына сәйкес келмеу себебінен жүк алушының тауарларын ұстады. Сондай-ақ кедендік тексеру барысында нақты орындарды қайта есептеу және тауарларды өлшеу кезінде тарнзиттік декларацияда және тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделмеген тауарлар анықталды. Бұл тауарлар Достық станциясында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ жауапты сақтауына берілді”, – деп жазылған Мемлекеттік кірістер департаменті таратқан хабарламада.
 
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі N30 "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешімі негізінде "Теміржол" кеден бекетінің қызметкерлері 2022 жылғы 9 және 12 қаңтарында салмағы 1 446 келі, жалпы сомасы 4 974 доллар тұратын тауарлар мен құжаттарды ұстау туралы хаттама толтырды. 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің номенклатурасын (тізбесін) бекіту туралы" 2008 жылғы 05 ақпандағы №104 қаулысына сәйкес 2022 жылдың 19 және 21 қаңтарында "Теміржол" кеден бекетінің қызметкерлері салмағы 10 949 келі болатын тауарларды ұстау туралы хаттама толтырды. Бұл заттардың жалпы сомасы 596 685 доллар. 
 
“Ұстау себебі лицензия немесе уәкілетті органның қорытындысы түріндегі импортқа рұқсат құжаттарының болмауы. Ұсталған жүк "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ-ның "Достық" стансасында сақтауға берілді”, – деп нақтыланған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу