Теміржол клиенттері үшін бірыңғай қызмет көрсету орталығы ашылды

967

Ақмола облысында пилоттық режимде теміржол клиенттері үшін бірыңғай қызмет көрсету орталығы ашылды, де хабарлайды іnbusiness.kz

Теміржол клиенттері үшін бірыңғай қызмет көрсету орталығы ашылды

"ҚТЖ" ұлттық компаниясы "Цифрлық трансформация" бағдарламасы аясында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС коммерциялық функцияларды орталықтандыру және автоматтандыру" жобасын ресми түрде іске қосты. Ол бірыңғай клиенттерге қызмет көрсету және тасымалдауды рәсімдеу процесінің орталығын құруға бағытталған", –деп жазылған ұлттық компания таратқан хабарламада.

Жоба Ақмола бөлімшесінде пилоттық режимде іске қосылды.

"Ол қызмет көрсетудің қолданыстағы технологиясын өзгертеді және клиенттерге кешенді сервистік қызмет көрсетуді енгізеді. Біз жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдап алушыларға сапалы сервис ұсынамыз", – деді жоба директоры Нұржан Келбұғанов.

Бірыңғай қызмет көрсету орталығы жүк тасымалдауды ұйымдастыру кезінде клиенттердің тауар кассирі, вагоншы, вагондар мен контейнерлер операторымен және теміржолдың басқа да жауапты мамандарымен сапалы байланыс орнатуды көздейді.

Төлемдердің ашықтығы "Шарттық және коммерциялық жұмыс" автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Жүйенің іске қосылуы нәтижесінде республикаішілік қатынастағы тасымалдардың 94%-ы, халықаралық қатынаста 25%-ы онлайн режимде рәсімделеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу