Теміржол көлігімен астық тасымалдау 29%-ға артқан

373

Бұл биылғы жылдың 8 айындағы көрсеткіш.

Теміржол көлігімен астық тасымалдау 29%-ға артқан Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері теміржол көлігімен астық тасымалдау 29%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың 8 айында ҚТЖ желісі бойынша 7,4 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 29%-ға артық. Астық экспорты 40% өсіп, 6,3 млн тоннаны құрады. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 16,5%, яғни 1,9 млн тоннаға дейін өсті. Экспортқа 1,5 млн тонна жөнелтілді, өсім 30,2% құрады", - делінген хабарламада.

Отандық астық пен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтарына Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Ресей және Қытай жатады.

"ҚТЖ желісі бойынша жүктерді тасымалдау теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін ескере отырып, жүк жөнелтушілердің өтінімдері бойынша алдағы айға қалыптастырылатын негізгі жоспар шеңберінде жүзеге асырылады", - деп хабарлады ұлттық компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу