Теміржол көлігімен жүк тасымалдау 24%-ға өсті

1106

Қазақстандағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау өткен жылы 3,5%-ды құрап, 256,5 миллионнан астам жүк тиелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 млн тоннаға көп.

Теміржол көлігімен жүк тасымалдау 24%-ға өсті

Алдыңғы жылмен салыстырғанда құрылыс және мұнай жүктерін тасымалдау көлемі шамалы ғана төмендеген. Айталық, 19 млн тонна құрылыс жүгі тиелсе, мұнай жүгінің көлемі 17 млн тоннаны құраған, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі. 

Басқарма төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасары, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директоры Дәурен Бимовтың айтуынша, астық пен көмір сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктер жыл сайын жоспарға сай тасымалданады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 103,2 млн тонна тас көмір тиелсе, соның 73 млн тоннадан астамы ел тұрғындарына және коммуналдық кәсіпорындарға жеткізілген.

Ал экспортқа 30 млн тонна қатты отын жөнелтілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға жоғары. 

Теміржол көлігімен 9 млн тоннадан астам астық тасымалданған. Оның 2 млн тоннадан астамы Қазақстанның ішінде болса, 7 млн тоннасы экспортқа жіберілген.
Сондай-ақ, былтырғы жүк тасымалдау саласындағы жұмыстар сырт елдермен, соның ішінде Қытаймен тасымал көлемінің артқанын көрсеткен. Қазақстан аумағы бойынша өткен жылы транзиттік қатынаспен 7000 контейнерлік пойыз жүріп өткен, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 39%-ға артық.  Соның ішінде Қытай – Еуропа – Қытай бағытына шамамен 4800 контейнерлік пойыз жөнелтіліп, өсім 55%-ды құраған.

"Қазақстан мен Қытай шекаралық станциялары арқылы 19,5 миллион тонна жүк тасымалданып, жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Сөйтіп, екі ел арасындағы тасымал көлемі 34%-ға артты", – дейді Дәурен Бимов.

Теміржол станцияларын кеңейту және қайта жаңғырту мәселесіне тоқталған Д.Бимов биыл "Т" шекаралық паркінде вагондарды қабылдап, жөнелтетін төрт жол ұзартылатынын, учаскенің өткізу мүмкіндігін арттыру үшін "Достық-19" разъезд өткелінде екінші жол және 19-разьезде қосымша үш жол салынатынын атап өтті. 2021 жылы теміржолда еліміздің ішінде ғана емес, халықаралық қатынаста да жүк айналымын, контейнерлік пойыздардың орташа жылдамдығын арттыру сынды жұмыстар жалғасын табады, дейді ол.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу