Теміржол нысанынан дизель отынын ұрлағандар қолға түсті

143

Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлері екі құқықбұзушылықтың жолын кесті.  

Теміржол нысанынан дизель отынын ұрлағандар қолға түсті Фото: rail-news.kz

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Балықтыкөл станциясында Audi автокөлігін тоқтатылды. Көлікте заңсыз әкетуге арналған дизель отыны бар канистрлер табылды.

Ал, Қазалы станциясында Түркістан филиалының мобильді жедел әрекет ету тобы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, шанағында жылжымалы құрам элементтері табылған "ГАЗель" маркалы автокөлікті тоқтатты.

Ұсталғандар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу