Премьер-Министрдің атына жолдаған сауалында депутат еліміздің теміржол саласындағы түйткілді мәселелерін айтып, оны шешу жолдарына тоқталды.
Сенатор өзінің депутаттық сауалында тауардың түпкілікті құнының өсуіне ықпал ететін ішкі жүк тасымалының қымбаттығы мәселесін де көтерді.
Мәселенің мәні мынада: "ҚТЖ" АҚ-ның иелігінде бар болғаны 170 тиеу-түсіру тұйықтары болса, олардың 3600-ден астамы жеке меншікте.
Сенатордың айтуынша, теміржол жүк тасымалы бағасының айтарлықтай өсуіне олардың бақылаусыз тарифтері мен алыпсатарлық әрекеттері себеп болады.
Сонымен қатар ол жолаушылар тасымалдайтын жылжымалы құрамның ескіргенін айтты.
"Жолаушылар тасымалдайтын жылжымалы құрам паркінде 2228 вагон бар. Оның 35%-ы 28 жылдан аса уақыттан бері пайдаланылып келеді. Тальгоны қоспағанда, жолаушылар тасымалдайтын құрамның тозу деңгейі 63%", – деді сенатор.