Теміржол саласындағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады

428

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.  

 Теміржол саласындағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады Фото: ortcom.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда теміржол тасымалы және денсаулық сақтау саласындағы кейбір кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қаралды.

Үкімет басшысына теміржол инфрақұрылымының бірқатар нысанын мемлекет меншігіне қайтару барысы туралы баяндалды, оларды бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы мәміле сот тарапынан жарамсыз деп танылды.

Атап айтқанда, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталды.

Қылмыстық іс аясында тергеу органдары түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанға дейін ҚТЖ басқармасына бере отырып, активтерге тыйым салды. Мүлік кешенін қорғау қамтамасыз етілді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу