Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының "Магистральдық желісінің – Алматы бөлімшесі" филиалына барып профилактикалық бақылау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бақылау субъектісіне профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Филиал қолданатын 70 дана өлшем құралы белгіленген тәртіппен салыстырып тексеруден уақтылы өтпегендіктен, қолдануға жарамсыз деп танылды, бұл Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңының 19-бабын бұзу болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Филиалға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді", – деп хабарлады департаментте.
Сондай-ақ, профилактикалық бақылау жүргізу шеңберінде Департамент мамандарымен, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының негізгі талаптары мен мақсаттары түсіндірілді.
"Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу, теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік реттеуге қатысты бекітілген өлшемдер тізбесі туралы, сондай-ақ өлшеу құралдарын индикаторлар разрядына ауыстыру тәртібі туралы айтты", – деп жазылған хабарламада.