2022 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысына сәйкес, теміржол тасымалы саласындағы компаниялардың кірісі 851 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырғыға қарағанда 15,1%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Елімізде жүк айналымы 5,4%-ға өсті. Теміржол көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 273 млн тоннаны құраған.
Өңірлік бөліністе жүк пен багаждың басым бөлігі Ақтөбе және Ақмола облыстарында, Астанада тасымалданған. Ең аз көрсеткіш – Батыс Қазақстан облысының үлесінде.
Теміржол көлігімен 13,1 млн адам тасымалданды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 32,6%-ға көп.
Республика бойынша жолаушылардың негізгі бөлігі Астана қаласы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында тасымалданған. Биыл жолаушылар айналымы 11,1 млрд пкм-ге жетті. Бір жылда өсім 38,4%-ды құраған.