Теміржол вокзалдары санитарлық нормаларға сай жұмыс істейтін болады

1404

15 мамырда Қазақстан аумағы бойынша жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатылымы ашылды. 

Теміржол вокзалдары санитарлық нормаларға сай жұмыс істейтін болады

2020 жылдың 1 маусымынан ішкі теміржол қатынастары кезеңімен қалпына келтіріледі, деп хабарлайды  "Қазақстан темір жолы" АҚ   баспасөз қызметі. 

Осымен байланысты коронавирус індеті таралуын болдырмау мақсатында Көліктегі бас мемлекеттік дәрігерімен пойыздар мен вокзалдарда санитарлық-карантиндік режимін қамтамасыз етуде бірқатар талаптар енгізілген болатын. 

Атап айтқанда, теміржол жолаушылар тасымалы саласындағы Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі уақытша санитарлы-карантиндік нормаларына сәйкес жолаушыларға теміржол вокзалы ғимараттарына маскамен ара қашықтықты (1 метр) сақтау міндетімен рұқсат етіледі. Вокзал кіреберісінде жеке қауіпсіздік қызметімен жолаушыларды тексеру үшін байланыссыз термометрия жүргізіледі. Кімнің дене қызуы жоғары болса, онда ол ішке кіргізілмейді.  

Вокзал аумағында тұрған адамдар арасындағы 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау бойынша шаралар міндетті болады. Осыған байланысты жолаушылар әлеуметтік қашықтықты ары қарай да сақтауы үшін еденге қашықтық белгілері сызылып, касса залдары мен күту залдарында орналастырылған орындықтарда қашықты сақтау туралы нұсқамалар белгіленген, қабырғаға тақырыптық флаерлар ілінген. Жолаушылар үшін әлеуметтік қашықтық пен санитарлық нормаларды сақтау қажеттігі туралы ескертпелер вокзалдардағы аудио және бейнетарату құралдары арқылы да жүргізіледі.   

Байланыстарды барынша төмендету үшін билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайты, "ҚТЖ билеттері" мобилдік қосымшасы, өзге де сайттар, өз өзіне қызмет көрсететін автоматтар арқылы рәсімдеуге кеңес беріледі. Сондай-ақ бұрын рәсімделген билеттерді кезеңімен, билет кассаларында жаппай кептеліс туғызбай қайтару керек. 

Теміржол вокзалдары жағдайында жұмыс істеу режимі көрсетіле отырып ашық билет кассаларының (2020 жылдың 15 пен 30 мамыр кезеңінде) тізімі берілген. Билеттер кассалары елді мекендерде орнатылған карантиндік жағдайға байланысты күндізгі уақытта жұмыс істейді. 

Вокзалдардың барлығында жолаушылар қолымен ұсталынатын еден, терезе, қабырға, есік тартпалары, тұтқалары, орындықтар мен өзге де жерлерді зарарсыздандыру салфеткаларымен (немесе зарарсыздандыру қоспаларымен) сүрту, жуу мен зарарсыздандыру құралдарымен жиі тазарту жүргізу арқылы күшейтілген санитарлық режимі қаматамасыз етілетін болады.

Ауа ылғалдылығы мен температурасының оптималды жағдайын қамтамасыз ету үшін қоршаған ауаны баптау мен желдету жүйелеріне (тазарту, жуу, зарарсыздандыру, сүзгісін ауыстыру және өзгелері) ревизия жүргізу бойынша жұмыстар басталды. 

Вокзалдарда табиғи желдету мүмкіндіктерімен барлық ғимарат 15 минуттан кем емес күніне 3 рет тазартып отырылады.

Денсаулық жағдайына қатысты қатаң талаптар: барлық қызметкер ауысым алдында міндетті термометриямен медициналық куәландырудан, жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттігі туралы, COVID 19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша міндетті нұсқаулықтан өту, сондай-ақ оларды бұлжытпай орындауды қадағалау теміржол вокзалдары мен пойыздар қызметкерлеріне де қойылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу