Теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары сапалы жүзеге асырылуы керек – Көлік министрлігі

131

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен теміржол вокзалдарын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті.  

Теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары сапалы жүзеге асырылуы керек – Көлік министрлігі Фото: gov.kz

Жиынға "ҚТЖ" ҰК" АҚ, облыс әкімдіктерінің, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеңес барысында өңірлердің жобаларды іске асыру барысы жөніндегі баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы, нысандарды уақытылы пайдалануға беру және жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша жұмыстарды уақтылы аяқтап, нысандарды пайдалануға беруді қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу