Теміржол вокзалдарының 90 пайыздан астамы жөнделуі керек – Көлік министрі

Қазіргі кезде теміржол вокзалы 4-еуі ғана күрделі жөндеуден өткен.

Теміржол вокзалдарының 90 пайыздан астамы жөнделуі керек – Көлік министрі Фото: yandex.kz

Ескі вокзалдардың басым бөлігі ҚТЖ-ның балансында тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында теміржол вокзалдарының қазіргі хал-ахуалына тоқталып, бірқатар кемшілікті атады. 

– Жолаушылар тасымалына тоқталатын болсақ, 2024 жылдың 10 айында 17 млн 600 мың жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға жоғары. Жыл соңына дейін 21 млн жолаушы тасымалдау жоспарланып отыр. Тасымалдау процесінің қолайлылығын қамтамасыз ету үшін теміржол вокзалдарын модернизациялау қажет, – деді ол.

Министр сөзінше, қазіргі кезде 4 қаланың (Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан) вокзалына ғана толық күрделі жөндеу жасалған. Тиісінше, ескі 50 вокзал ҚТЖ-ның теңгерімінде болып тұр. 

– 59 негізгі теміржол вокзалының 54-і (жергілікті әкімдіктер балансында – 4, ҚТЖ балансында – 50) жөндеуді талап етеді. Қазіргі уақытта тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары толық күрделі жөндеуден өтті. Қалған вокзалдарды жөндеу бойынша қажетті техникалық құжаттар әзірленуде және қаржыландыру көздері мен механизмдері пысықталып жатыр, – деді министр Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу